Created with Sketch. Created with Sketch.

Нұрлан Смағұловты ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрлан Смағұловты ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы жəне автомобильдерді экспортқа шығару мəселесі жөнінде баяндады.

— Автомобиль саудасының көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде «МАЗ» көлігін құрастыра бастадық. Алматыдағы зауыт «Hyundai» машинасын бояуға жəне дəнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тəжікстанға 300 «Hyundai County» автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де бірге жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда маңызды рөл атқара бастады, — деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты өндіріс қызметіне сіңірген еңбегі жəне еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: egemen.kz