Акции и скидки

10.04.2017

«MEGA-АУКЦИОН» Науқан шарттары


Науқан шарттары   

1.   Жалпы ережелер.

1.1. Науқан аталуы «MEGA-АУКЦИОН» (мәтін бойынша – «Науқан»).

1.2. Науқан ұйымдастырушысы:  «Mega Center Plus» (Мега Центр Плюс) ЖШС.   

1.3. Науқан өткізу аумағы:  «MEGA Alma-Ata» СОО,  мекен-жайы: Алматы қ., Розыбакиев көш., 247 А (мәтін бойынша – «СОО»).

1.4. Науқанға тек Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар кәмелетке толған тұлғалар ғана қатысуға құқылы, (мәтін бойынша әрі қарай –«Қатысушылар»).

1.5. Науқанды ұйымдастырушылардың жұмыскерлері, онымен аффилиирленген тұлғалары Науқанға қатыса алмайды..     

1.6. Егерде Қатысушы Осы Ереженің 1.4., 1.5 тармақтарының талаптарына сай болмаса, ондай тұлғалар жеңімпаздар қатарынан шығарылады.  

1.7. «MEGA Center Alma-Ata» СОО-да СОО аумағында  тауарын (қызметін) сатуға  ұсынылған  сатушылардың (қызмет көрсетушілердің) ғана чектері науқанға қатыса алады, осы Ережемен қарастырылған жағдайлардан басқасын есепке алмағанда.

1.8.  Науқанға чектерін ұсынған және «MEGA-MONEY»-дің бір не (немесе) одан көп ақшалай белгілерін алған Қатысушалар қатыса алады.

1.9. Науқан аясында СОО-да 5000 (бес мың) теңгеден кем емес сомаға тауар (қызмет) алған  келушілер, жасаған сауда сомасына тең сомамен MEGA-MONEY ақшалай белгілерімен алады, олармен MEGA-АУКЦИОНДА төлем жасай алады.

 Сауда өткізу әдісі — ағылшын аукционы, ең  көп ақша ұсынған адам қойылған лотты алады. Купюры MEGA-MONEY ақшалай белгілері ақшалай құралы немесе Науқан Ұйымдастырушыларының міндеттерін белгілейтін (растайтын) өзге құжат болып табылмайды. MEGA-MONEY ақшалай белгілерінің қолданылуы тек  MEGA-АУКЦИОНҒА қатысу арқылы және аталған  ақшалай белгілерге берілген сауда жасаған чектерді ұсынған кезде ғана мүмкін.

1.10. MEGA-АУКЦИОНДА лоттар ретінде: техника, үйге арналған тауарлар мен жалға алушылардан және  Науқан Ұйымдастырушыларының серіктестерінен  сертификаттар мен Науқан Ұйымдастырушылары белгілеген  басқа да тауарларды алуға болады. MEGA-АУКЦИОНДА ұсынылған лоттар үш бағалық санаттардан болады: бірінші санат  30 000 MEGA-MONEY ақшалай белгілерге дейін, екіншісі   30 000-нан 100 000 MEGA-MONEY ақшалай белгілерден, үшіншісі  100 000 MEGA-MONEY ақшалай белгіден.

 1.11. Науқан туралы қосымша мәлімет Ұйымдастырушының www.megacenter.kz ресми сайтында көрсетіледі, немесе әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында: www.facebook.com/megakz, vk.com/megakz, instagram@mega_center.

2. Науқан шарттары.

 Науқанға қатысу үшін қажетті:

2.1. 10 сәуір 10:00 мен 19 мамыр  20:00 аралығында  СОО-да 5 000 (бес мың) теңгеден кем емес  бір чекпен тауар сатып алу немесе  қызмет алу.

2.2. СОО-да сатып алған тауардың немесе алған қызметтің  чегін/чектерін «Мега 1» 1 -қабатта фонтанға қарама-қарсы  «Monsoon» бутигінің қасында  орналасатын  арнайы промо-үстелге алып келу. Промо-үстелдің жұмыс уақыты  17:00 – 20:00 жұма, сенбі және жексенбі күндері, 2017 жылдың  14-ші сәуірінен 19-шы мамырына дейін.

2.3. Чекті арнайы промо-үстелге ұсынғанда промо-персоналдан ұсынылған чектегі жұмсалған сомаға тең сомада MEGA-MONEY ақшалай белгілерін алу қажет. Чек сомасы аз сомаға қарай ықшамдалады 5 000, 10 000, 20 000-ға дейін (мысалы, егер чек сомасы  5 300 теңге, 6 750 теңге, 9 999 теңге болса, онда Науқан Қатысушысына  5 000 MEGA-MONEY ақшалай белгісі беріледі). Чекке  промо - персонал  мөр басады және осы чек Науқанға қатысатынын белгілейді.

2.4. Науқан Қатысушысы  MEGA-MONEY ақшалай белгілерін алуымен Науқанға қатысуға келісім білдіреді және  сөзсіз осы Ережелердің шарттарымен келісетіні туралы келісім білдіреді, Қатысушының жеке мәліметтерін қолдануға,Ұйымдастырушымен немесе жарнамалық мақсаттарда  жұмысқа тартылған үшінші тұлғалармен Қатысушының бейнесін (жариялауға, өңдеуге, таратуға) келісімін білдіреді, Қатысушыларға қандай да болса сыйақысыз және өтемақысыз, мерзімдері бойынша шектеусіз.

2.5. MEGA-АУКЦИОН «MEGA Alma-Ata» СОО амфитеатрында 20 мамырда үш кезеңмен өткізіледі:

- бірінші кезең 17:00-де,  құны  30 000  MEGA-MONEY ақшалай белгіге дейін лоттар ұсынылады;
- екінші кезең 18:00-де, 30 000-нан 100 000 MEGA-MONEY ақшалай белгілерге  лоттар ұсынылады;

- үшінші  кезең 19:00-де, 100 000 MEGA-MONEY ақшалай белгіден лоттар ұсынылады.

2.6.MEGA-АУКЦИОН аталуы мен лоттар тізбесі Науқан Ұйымдастырушысымен белгіленеді.

2.7. MEGA-АУКЦИОНДА Науқан Қатысушыларының өздері болуы міндетті шарт.

2.8. MEGA-АУКЦИОНҒА қатысу үшін өздерімен бірге жинаған чектерінің түпнұсқалары мен тұлғасын растайтын құжаты болуы тиіс.

2.10. Қатысушымен 2.7., 2.8тт  сақталмаған жағдайларда Ұйымдастырушы берілген лоттың қайта саудасын өткізеді. 

2.11. MEGA-MONEY-ға лот сатып алғанда, жеңімпаз Қатысушының жеке мәліметі мен лот туралы мәлімет көрсетілген Өткізу-тапсыру актісіне қол қоюға міндетті.

 2.12. Лотты алған сәттен бастап оның иегері ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылатын барлық салықтар мен өзге міндетті төлемдерге салықтық жауапкершілікті жүктемейді, барлық міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы төлейді. Осы Науқанға байланысты барлық даулы мәселелер  Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

2.13. Науқан Қатысушысы жүлдені алған сәттен бастап, жүлдені кездейсоқ жоғалтып алуға немесе оның бұзылуына қаупін жүктейді  (өліміне, жарақаттануына).

2.14. Науқан Ұйымдастырушысы жауапты емес:

- Ұйымдастырушыға байланысты емес жағдайлардан,  Науқан қатысушысының өздерінен немесе  байланыс мекемелерінің кінәсінен Науқанның жүлделерін алу үшін қажетті мәліметтерді алмауы/уақтылы алмауына;

- Науқан Қатысушыларымен міндеттерін орындамауы (уақтылы орындамауы) осы Ережелермен қарастырылған;

- Науқан жеңімпаздарымен жүлдені  талап етпеу жағдайларында немесе олардан бас тартуы;

- Науқан қатысушыларының қатысуына байланысты олардың өмірі, денсаулығы, моральды және/немесе психологиялық зақымдануына.

3.Өзге жағдайлар

3.1. 5 000 (бес мың) теңгеден астам сомаға сауда жасаған келушілер, MEGA-MONEY ақшалай белгі сәйкестендірілген санын чек сомасы аз сомаға қарай ықшамдалып еселенген 5 000  алады,   MEGA-MONEY максималды сомасы бір чекке – 10 (он) дана ( дәлірек 100 000 (жүз  мыңға дейін) теңге), чектегі әр  100 000 (жүз мың) теңгеге қосымша  10 000 (он мың) MEGA-MONEY беріледі.

3.2. Науқанға қатысатын минималды  чек сомасы – 5 000 (бес мың) теңге. 5 000 (бес мың) теңгеден кем әртүрлі  чектегі сома мөлшері жинақталмайды.

3.3. Науқанға валюта айырбастау операцияларынан кейін және банк қызметін (операциялар) алғаннан кейінгі чектер қатыспайды.

3.4. Науқанның барлық қатысушылары оған қатыса отырып,  Науқан ережелерімен келіседі және оны ұстануға және орындауға міндеттенеді.  Егерде қатысушы Науқан ережелерін бұзып, немесе алаяқтық жасаса және/немесе жүлде алу үшін  алдауға барса онда ол  жүлде алу құқығынан айырылады.   

3.5. Ұйымдастырушы өзіне  Науқан жеңімпаздарын жеке ақпараттандыру және/немесе жеңімпаздардың тұру мекен-жайына дейін лттарды  жеткізу міндеттерін  өзіне алмайды.

3.6. Науқан өткізу кезінде Қатысушының  үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуымен байланысты  үшінші тұлғалардың тарапынан  Ұйымдастырушыға шағым көрсеткен жағдайларда,  осы дауларды шешу мәселелері бойынша жауапкершілікті  Қатысушы өзіне алады.

3.7. Науқан нәтижелері  қорытынды болып табылады және қайта қарастырылуға жатпайды.
3.8. Ұйымдастырушы Қатысушыларды алдын ала келісімінсіз және ескертусіз  осы Ережелерді және  лоттар  тізбесін өзгертуге және толықтыруға құқылы.

3.9. Ұйымдастырушы Науқанды  өткізу мерзімінің ауыстырылуына және басқа өзгерістерге оның құзырлығына қатысты емес жағдайлармен туындағанына жауапты емес.



Предыдущие события

Наверх